60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан
Кіріспе
Жетпісінші
жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың
басында басталған халықаралық
коммунистік жүйедегі радикалды
қозғалыстар алдымен
Бұрынғы
социалистік жүйе елдеріндегі тәуелсіздік
үшін буырқана қанат жайған күрес
әр елде әрқилы, ішкі және сыртқы жағдайға,
күресуші жақтардың күштерінің арасалмағына,
билеуші партиялардың және саясатшылардың
күрес тактикасына бағынышты
өрбіді. Социализм елдерінде терең
тамыр жайған бұл ағым ақырында
қайта құру (перестройка) жариялылық
және демократияландыруға ұласты. Осыған
орай, тәуелсіздік қайсы бір
1991 жылғы
Ресейдегі «Ұлы тамыз
Бұл оқиғалар алдағы тарауда айтылғандай, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауға алып келді.
Егер әр ғасырда 4-5 ұрпақ дүниеге келетінін ескерсек, қазақ халқының 10 буын ұрпағы азаттық үшін күрес туын қисайтпай көтеріп, ХҮІІІ ғасыр мен 1986 жыл аралығында отаршылдық пен өктемдік жүйеге қарсы 300- ден аса көтерілісті бастан кешкен. Ендеше жарияланған тәуелсіздік әділеттің, ақиқаттың, имандылықтың салтанаты.
Сонымен,
Қазақстан өзінің жаңа және өте жаңа
тарихында шын мәніндегі
Енді тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарын ой таразысына салып , өткенді зерделеп, бүгінгіні жан-жақты талдау арқылы болашақтың бағытын байыптау қажеттігі туды.
І. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстан
1.1 Экономикалық және әлеуеметтік саяси дамуының басты бағыттары мен қайшылықтары
Н.С.Хрущев
Қазақстанды сынақ алаңы сияқты
пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді,
оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді
сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық
әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу
т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан
шаруашылықтарында байқаудан
Елде
қалыптасқан жағдайы түзеу және
жол берілген қателіктерді жою жөнінде
кезек күттірмейтін шығұл шараларды
1964 жылы 14 қазанда болып өткен
КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум
Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші
хатшысы және КСРО Министралер Советінің
төрағасы міндеттерінен босатты. Оның
орнына КОКП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті
сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы
етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді
тағайындады. Осының артынша партия,
совет және басқа қоғам ұйымдарын
1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік
принцип бойынша бөлу ойластырылмаған
іс деп бағаланып, олардың территориялық
- өндірістік принцип бойынша құрылуын
қалпына келтіру ісі қолға
алынды. Сонымен бірге жоспарлау
мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі
қателер де түзетіле бастады. Осы
жылдарда іске асырылған шаруашылық
реформа дәйекті
70 жылдардың
басында бұрынғыдай
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.
Сонымен, Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
- 1979 жылғы Целиноградтағы «Неміс ав
тономиясын» құру саясатына қар сы ереуілдер
1976 жылы
КОКП ОК-і Ю.В.Андропов
Қортындысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алғышарты болған Целиноградтағы оқиға қазақ халкының үлттық санасының оянуына елеулі үлес қосты.
ІІ.1986 ж Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы және оған саяси баға
2.1 Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі
1985 жылы
республика бойынша ауылдан
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен
тұратын одақтас елдердің билік органдарымен
салыстырғанда біздің республика басшылығы
көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында
бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына
орыс пен еврей, поляк пен грузин және
армян, ұйғыр жетекшілік етті.
1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның
Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36
пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес
өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір
өкілін коммунистер мен халық сайлаған
жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын
өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда
шексіз билікке ие болған және орталық
мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі
келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей
еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның
аузы ашылды да кетті.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан
басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды.
Оларды қызметке жібергенде жергілікті
жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы,
оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай
жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде
айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі
небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде
Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы
Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына
Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан
үлкен үміт күтіп отырған республика халқының,
соның ішінде қазақ жастарының наразылығын
туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші
күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы
алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін
білдіру үшін жұмысшы және студент жастар,
оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында
ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың
өз ұлттық көсемі болу керек" деген
ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда
тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін
екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі
жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің
бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев,
Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин,
М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова,
В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға
шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты.
Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың
санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық
білдірді. Көтерген үнқағаздары болды.
«Ленин идеясы жасасын!» деген үнқағаз
ұстағандардың өзі де жауапқа тартылды.
Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі.
Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар
бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын
білдіргілері келсе, басқалары "ұлттық
намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды.
Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа
халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы
бағытталмады.
17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар
шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы
арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда
қазақ жастары басым болғанымен, олардың
қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа
ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі
ішкі істер органдары тіркеген тізім де
растайды.
Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат
алуына деген басты кінәні саяси айтыстан
қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік
танытқан партия мен үкімет органдарының
шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан
құқық қорғау органдары мен милицияға
қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры
оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын
2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының
соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті,
қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды,
екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана
Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды
университетінен 25 студент комсомолдан
шығарылып, 11-і университеттен қуылды.
Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы
студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты.
Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда
көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз
емес.
Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс
кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды
жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі
күпәйке киіп: «қашанға дейін осыған төзе
береміз», «орыстар қашанға дейін бізді
басына береді» деп өзеуреп, әскерлерге
қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық
көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған
топ мүшелері «Метель» операциясына сай
құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың
арасына жік салу арқылы көтерілісті басу
ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан
туындаған еді.
Ал «Метель» операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан
бір жыл екі ай бұрын алдын ала ойластырылған
еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай
жер болмаған соң ол босқа жатып қалған.
Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп
жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің
төрағасы Чебриков М. Горбачевке жолығып
«Метель» операциясын қолдануға ауызша
рұқсат алған. Бұдан кейін бейбіт жастардың
шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз.
Ал сол күні Алматыға ұшып келген КСРО
Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер
министрінің орынбасары Елисов «Метель»
операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай
күш көрсетуге көшті.
Алдын ала ойластырылған
үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде
жастарға қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану
үшін оған негіз болу керек қой. Сондықтан
«алаңға шыққандарды маскүнемдер, нашақорлар
және бұзақылар еді» дегізу қажет болды.
Колбиннің тапсырмасымен Желтоқсан көтерілісі
қарсаңында зауыттар түні бойы жұмыс істеп
темір таяқ кесіп дайындаған. Қазақтың
жігіттері ондай қаруды қолданудан бас
тартқан. Сөйтіп, жастарға күш көрсеткен
қарулы топ, негізінен орыс жасақшылары
болып шықты. Олардың көпшілігі қызып
кетіп, садизмге беріліп, көше-көшеде жолыққан,
ешкімде шаруасы жоқ бейкүнә адамдардың
өзін ұрып-соғып таяққа жығып, қорлаған.
Осылайша екі ұлт ашықтан-ашық бір-біріне
қарсы қойылды.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика
басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің
ойында қазақ жастарының арасында елдегі
социалистік құрылысқа қарсы астыртын
әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау
мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай
ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе
де анықталмады. Алаңда жиналған халық
пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар
жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен
қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті.
Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін
алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш
машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың
барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий
деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты
үкімет органдары алаңға шығушыларға
қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа
жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
Иә, ақыры қазақты ұлтшыл атандырып КОКП
Орталық комитетінің қазақ ұлтшылдығы
туралы арнайы шығарған қаулысы дүниеге
келді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті
"Қазақ республикалық партия ұйымдарының
еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық
тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы
қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы
оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі
деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім
қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы
ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді.
Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы
құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия
егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында,
қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда,
алғаш рет демократия және жариялылық
жағдайындағы халықтың еркіндік үшін
көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау
арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып
көрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы
желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен
ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға,
соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған
болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт
демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты
құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың
және орталықтың партиялық-бюрократиялық
құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы
ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды.
Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға
дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда
өткен Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес
партия ұйымдарында тазалау басталды.
Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін
ашық мойындау, номенклатуралық жетекші
қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту,
бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің,
ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет
орындарында, тұратын жерлерде есептері
тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987
жылы облыстық партия комитеттерінде
істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы,
ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің
әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды.
Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген
кемшіліктері үшін деген мінездемемен
орын алынды. Мұндай тазарту жұмыстары
сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында
да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында
99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан,
758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО
мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза
берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды.
Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық
сақтау және Көлік министрліктерінен
309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу
орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Желтоқсан көтерілісінің
бар көрінісін Қалдыбай Әбеновтың
«Аллажар» деген фильмінде
Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалыс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы.
2.2 Желтоқсан оқиғасының қаһарманы - Тұрар Рұсқылбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.
Қайрат Рұсқылбеков –жүрегінде намыс алауы лапылдаған, жігерлі жас, жалынды ақын еді. Оған «Жасақшы С.Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Шындығында, С.Савицкийдің өлімі кезінде Қ.Рұсқылбеков қаланың басқа ауданында жүрген еді. Жоғарыдан жасақшыны өлтірген адамды тез арада табу керек деген жарлық түсті. Жарлықты орындаушылар марапат үшін бұрыннан істеп жүрген жеңіл әдеттеріне басып, сол өлімді Қайраттың мойнына арта салды. Олардың қолдан ұйымдастырған дәлелдерінің ақсап жатқанына, Қайраттың шындықты айтып шырылдағанына құлақ асқан пенде болмады. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Қайрат Рұсқылбековтың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. Чехославакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлерінен, зиялыларынан бұл үкімге қарсылық хаттары келіп түсіп жатты. Абақтыда азап шеккен Қайрат ақыры, жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Республикалық Мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17-18 желтоқсан күндері кино және телеккамералармен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттерін шығарды. Сол суреттер бойынша астананың барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында «қылмыстыларды» іздеу басталды. Бұл науқан бірнеше айға созылды. Сол кезде бүкіл республикада Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға деген аса ауыр психологиялық ахуал қалыптасты.
Кейін анықталғандай, коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын -86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыскер» немесе «ұлтщыл»деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. «Бұрқасын» жоспары кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды.
Наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси сипат алды, бірақ ол мемлекеттік құрылысты құлатуға бағытталған жоқ. Республика басшылығы жастардың пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Саяси наразылықты өкіметке қауіп төндіру деп бағалады. Сондықтан да арандатушылық әрекеттерге жол берді. Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздік пен қантөгіске ұласуына республика басшылығының саяси мәдениетінің төмендігі, күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолдарын таба алмауы, тек күшке сүйеніп үйреген әдетіне басуы себеп болды.
Желтоқсандағы қазақ жастарының бас көтеруі ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде, орыс халықтарына қарсы бағытталған жоқ. Ол – жастардың сол кездегі ел билеушілерінің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылық митингісі ғана болатын. Алматыдағы желтоқсан толқуы, шын мәнінде, елде алғаш рет күштің жаңа басталып келе жатқан, буыны қаптаған демократия мен ол кезде әлі өз күшінде тұрған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қақтығысы еді.
Жастардың бейбіт шеруін басып- жаншуға кінәлі кейбір лауазымды адамдарға сөз келтірмеу мақсатында Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап, қалың көпшілікке бұрмаланып түсіндірілді. Алматыға арнайы жіберілген КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша, КСРО-ның барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.
Осылайша, қазасының шынайы себептеріне қатысты жекелеген күмәнді сауалдарға нақты жауап табылмаған Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі бүгінде қаһарман тұлғаға айналып отыр.
ІІІ. Кеңістік қоғамды демократияландыруға бағыт
3.1 1987-1998
жылдардағы Қазақстандағы
80 жылдар
ақырында Кеңес мемлекеті
Жаңа
шындық жағдайды есепке ала отырып,
Одақты қайта құру идеясы кеңінен
қолдау тапты және ол «төменнен»
- автономиялық және одақтас республикалардан
көтерілді. Қазақ КСР- да республиканың
өзін –өз і басқару , өзін-өзі
қаржыландыру концепциясы жасалды,
онда Қазақстан территориясындағы
табиғи байлықтар мен өндіріс
құралдарына , оның ішінде өнеркәсіптің
негізі болып табылатын салалық
кәсіпорындарына республиканың
егемендігін саяси және экономикалық
салада нақты түрде қамтамасыз ету
қажеттігі туралы батыл мәлімденді.
Қоғамды жаңғыртуға бағытталған
қозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды,
ол әрдайым аса күрделі
Бірақ Қазақастанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады.
Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарын жаңа талаптарға сай қайта құруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.
1988 жылдан
бастап жаңа туып келе жатқан
оппоненттер тарапынан
Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды құбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларынан кейін республикада туған қоғамдық- саяси ақуал болды.
1987 жылы
тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым-
әлеуметтік-экологиялық «
Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейні шахтерлері ерекше рөл атқарды, олардың қимылдары тегеуріні жөнінен Кеңес Одағының басқа-көмірлі аудандарының ереуілдерімен сай келіп жатты. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат алды. Жұмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 жылдан бастап қызмет істейді, ол Қарағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде кіреді. Жаңа Өзендегі оқиға (1989ж) әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті проблемаларды жалғанның жарығына шығарады, ол инфроқұрылымның мешеулігінен, өндіргіш күштерді орналастырудағы қателіктердің салдарынан жергілікті халық жұмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасының берік орын алуынан туды.
1990 жылдың
ортасында «Азат» қозғалысы
Бұл аталғандардан басқа да саяси партиялар мен қозғалыстар әрекет етті, республикада 1991ж барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.
Қазақстанда
көп партиялылықтың қалыптасу процесіне
талдау жасай келіп, мұны тоталитаризмнен
демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы
ғана деп санау керек. Көп партиялылықтың
тарихи дәстүрінің, республика халқының
дамыған саяси мәдениетінің жоқтығы-
кең және берік саяси базасы жоқ,
саяси көзқарасының біржақтылығымен
көрінетін саяси
Қоғамдық
демократияландыруда халық
1990 жылы
24 сәуірде республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің
1990 жылдың
25қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР—нің
1991 жылы
тамыздағы оқиға бұл жұмысты
үзіп жіберді, КСРО-ның
Міне, осындай
күрделі жағдайда Қазақстан мемлекеттігі
шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы
және билік жүргізуші өкімет басшысы
ретінде Қазақ КСР
1991жылдың
1 желтоқсанында Қазақстан
Республикада төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комиеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР үкіметінің қарамағына бері туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991жылы 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онын ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.
3.2 Егеменді даму жағдайындағы Қазақстан
1991жылы
10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл
1991 жылы
21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы
Кеңес одағының құрамына
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.
Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды. Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақ кеңесінің (СБСЕ) толық құқылы мүшесі болып, адам және аз ұлттың құқықтарының сақталуына кепілдік берді. Ұлттың құқы жеке адамның құқына теңестіріліді, сондықтан мемлекет Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей қамқорлық жасайды. Мұның маңызды болатын тағы бір себебі тек әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақ ғана Қазақстанның қарқынды дами беруіне мүмкіндік береді: мұнда барлық 17 миллион халықтың 42% қазақтар, 37% орыстар, 5,2% укриндар, 4,4% немістер.
Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін егемен
мемлекет ретінде халықаралық аренаға
шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық
валюта қорының, Халықаралық рекострукция
және даму банкісінің, Дүниежүзілік
банктің, Халықаралық даму ассоциациясының,
Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты
агенттіктің, Инвестициялық таластарды
шешу жөніндегі халықаралық
- 6 жастағы балалардың психологиясынын дамуы
- 6-комнатный 2-этажный индивидуальный жилой дом, разработанный для строительства в г. Белорецк
- 6-ти 2-х секционный этажный жилой дом
- 7-тиэтажный жилой дом
- 7 чудес света
- 8 принципов менеджмента качества на примере корпорации Apple
- 9-ти этажное жилое здание на 72 квартиры в г. Липецк
- 555 - Статистика потребления населения товаров и услуг
- 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту
- 5-ти этажная 40квартирная панельная блок секцият
- 5-ти этажный 20-квартирный жилой дом
- 5этажный 10 квартирный панельный жилой дом
- 5-этажный 20-квартирный жилой дом
- 5 –этажный 20-квартирный жилой дом.Формовочный цех чугунолитейного завода