2009 жылғы халық санағы
Кіріспе
1.Қазақстан Республикасының
2009 жылғы халық санағының
2. Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ
3. 2009 жылғы халық санағының маңызы
4. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы
«Қазақстан Республикасының 2009 жылғы
ұлттық халық санағы туралы» қаулысымен
сәйкес, 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурызына
дейінгі кезеңде Қазақстан
Қазақстан Республикасы Үкіметі халықтың өмір деңгейін жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру, сауда кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындар желісімен және коммуналдық өріс қызметімен толық қамтамасыз ету үшін халықтың тұрмыс жағдайын және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бағдарламасын жетілдіп жатыр.
Бірақ ешқандай бағдарлама республика аумағында, облысында, елді мекенде тұратын халықтың дәл санын білмей жасалына алмайды.
Атап айтқанда, әр 10 жыл сайын халықтың нақты сипаттамасы туралы мәліметті жинау, өңдеу, беру мақсатында Халық санағы өткізіліп отырады.
Республика
Үкіметі халық санағының
Ең алғашқы халық санағы 1827 жылы Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында болған кезде өткен. Қазақстанда алғашқы халық санағы 1999 жылы өтті.
2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
Қазақстанда 15730,5 мың адам өмір
сүрген, бұл көрсеткіш 1999 жылғы
Халық санағы бойынша 777,4 мың
адамға немесе 5,2% артық. Республикада
бейбітшілік пен достықта 100 ұлт
өкілдері өмір сүріп жатыр.
1.Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы халық санағының
ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрайымының 2008 жылғы « 28 » мамырдағы №79 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы « 17 » маусымдағы №378 біріккен бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын жүргізу тәртібі бекітілді.
1.1.
«2009 жылғы Қазақстан Республикасы
халқының ұлттық санағы туралы»
Қазақстан Республикасы
1.2.
Халық санағына Қазақстан
1.3.
Қазақстан Республикасы
1.3.1.
Республикалық психатриялық
1.4.
ҚР ДСМ органдары өз
1.5.
ҚР ДСМ органдарының басшылары
халық санағын өткізуді
1.6.
ҚР ДСМ объектісінде халық
санағының өткізілуін бақылау
статистика органдарында
Санақ –
әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ
2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз.
Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу.
Есепші-санақшылар арнайы киім үлгісімен жабдықталДЫ. Олардың әрқайсысының қолында санақ бланкілері салынған көк түсті портфель, арнайы логотив белгісі бар көк түсті бөкебай, ысқырық және қолшамы болды. Пәтерлерге есепші-санақшылардың атын жамылып, бұзық ойлы бөгде адамдардың кіріп кетпеуі үшін ойластырылған тағы да басқа шаралар бар. Санақ алдында әрбір тұрғылықты жерлерде, шағын аудандарда, елді мекендерде есепші-санақшыларды таныстыруға арналған арнайы кездесулер мен жиналыстар өткізілді. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық орындарда стационарлық санақ учаскелері ұйымдастырылды. Мәселен, темір жол вокзалдарында – 56, автокөлік вокзалдарында – 24, әуежайларда 10 осындай санақ учаскелері ұйымдастырылған. Еліміз бойынша 1674 санақ бөлімшелері құрылады. Түрлі себептермен санаққа кірмей қалған тұрғындар осы учаскелерге келіп, тіркелуіне болады.
Сонымен, 25 ақпан — 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өттіі. Санақ жұмысы тек осы мерзіммен аяқталған жоқ. 7-16 наурыз аралығында қайтадан бақылау санағы өткізіліп, қамтылмай қалған тұрғындардың есебі алынады. 16-18 наурыз аралығында санақ карточкалары есептеуден өткізіле бастады. Әр күн сайын халық санағының есебі беріліп отырады. Белгіленген меже бойынша күн сайын есепші-санақшылар 1 миллион 400 мың тұрғынның есебін алып отырған.
Селекторлық кеңесте халық санағын өткізуге байланысты жасалып жатқан шаралар туралы Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері есеп берді.
Кеңесті
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов
қорытындылап, он жылда бір өткізілетін
бұл саяси-әлеуметтік шараның маңыздылығына
тоқталды. Сондықтан санақты ұйымдасқан
түрде сапалы дәрежеде өткізу әрбір мемлекеттік
органның кезек күттірмес міндеті болып
табылады.
3.2009 жылғы халық санағының маңызы
Қазірде мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңарулар орын алып, оларды ілгерілету үшін жағдайлар жасалып жатқаны белгілі. Осы қарқынды ілгерілеушіліктер Қазақстанның әлемдік аренада біршама беделге ие болуына сеп болуда. Осы беделді ұстап тұру үшін халықтың мәселесі жан-жақты шешілуі тиіс. Ал, мәселелердің жан-жақты шешілуі үшін тұрғындар мемлекеттік маңызы бар мәселелерден тыс қалмауы тиіс.
Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында санаққа байланысты жарнамалардың күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын көріп жүрміз. Осы жарнамалар арқылы ауруханалардың, білім ордаларының жеткіліксіздігі айтылуда. Ал аталған үдеріске барлық министрліктер, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атсалысып жатыр.
Қазақстанның сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық байқаушылар да оң бағасын берген. Халық санағы да осы сайлау мәселесінен кем түспейді. Сайлау – мемлекетімізді басқаруда ерекше қажеттілік тудырса, халық санағы – халықтың жағдайын жақсартуға ерекше жағдай жасайтыны белгілі.
Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.
2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.
Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді.
Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.
Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.
Халық
санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде,
ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар
мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда,
қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде,
мейрамханаларда және басқа да мекемелерде
сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер
арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын
жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен
кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл
үшін осы санаттағы азаматтарға халық
көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда,
автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда,
сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да
санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың
ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы
жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны
үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке
тартылады.
Сарапшылардың
айтуынша, 1999 жылғы санақ деректері
мен ресми статистика арасында едәуір
айырмашылықтар болған, себебі есепке
алынбаған азаматтардың пайызы 5,3-ті
құраған. Осы сияқты жағдайларды
болдырмау мақсатында, біздің сайтымызда
Қазақстандағы санақ
4. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы
2009
жылғы санақ нәтижесі бойынша Қазақстан
Республикасының халық саны 16млн.004мың
800 адамды құрды, өткен (1999ж.) санақпен салыстырғанда
1млн.022мың 900 адамға немесе 6.8% өсті.
адам | 2009ж .
% бен, 1999жыл ға |
өсім+кему, –2009 1999жылға | |||
1999 жыл | 2009 жыл | человек | в % | ||
Халық саны. | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 1531024 | 1396593 | 91.2 | -134431 | -8.8 |
Өскемен қ. | 320234 | 314953 | 98.4 | -5281 | -1.6 |
Семей қ. | 298047 | 324492 | 108.9 | 56445 | 8.9 |
Шемонаиха ауданы | 57815 | 49202 | 85.1 | -8613 | -14.9 |
Қала халқы. | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 898497 | 801475 | 89.2 | -97022 | -10.8 |
Өскемен қ. | 310950 | 303720 | 97.7 | -7230 | -2.3 |
Семей қ. | 274831 | 303138 | 110.3 | 28307 | 10.3 |
Ауыл халқы. | |||||
Шығыс Қазақстан облысы | 632527 | 595118 | 94.1 | -37409 | -5.9 |
Өскемен қ. | 9284 | 11233 | 121 | 1949 | 21 |
Семей қ. | 23216 | 21354 | 92 | -1862 | -8.0 |
ҚР
Статистика агенттігінде халық санағының
қорытындыларына арналған брифингте
Агенттік төрағасы Әлихан Смайылов 2009
жылғы ҚР Ұлттық халық санағының
нәтижелері статистикалық жинақ
болып жарыққа шыққандығын хабарлады
Жинақта
соңғы 50 жылдағы Қазақстанның тұрақты
халық санының өзгеруі туралы
деректер көрініс тауып отыр. Ал
жинақтың қазақ және орыс тіліндегі
электрондық нұсқасы ҚР Статистика
агенттігінің сайтында орналастырылған.
«Жинақта 1999 және 2009 жылдар арасындағы
кезеңдегі жекелеген ұлттар бойынша халық
санының өзгерістері туралы мәліметтер
жарияланды. Ана тілі туралы және халықтың
жеке тілдерді меңгеру деңгейі жөніндегі
мағлұматтар және халықтың дін ұстануы
туралы деректер берілген», деп атап көрсетті
ол.
ҚР Статистика агенттігі жыл соңына дейін,
2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне
арналған жинақтардың барлығын басып
шығуды жоспарлауды. Ол жинақтар көші-қон,
білім беру, үй шаруашылығы, отбасы және
неке, жұмыспен қамту, өмір сүруге қажетті
кіріс көздері, жастар, қала және ауылдың
портреті, тұрмыстық жағдай тақырыптары
бойынша ұсынылмақ.
2009 жылғы
ҚР Ұлттық халық санағының
нәтижелеріне республикада
«Жекелеген ұлттардың өңірлер бойынша
орналасуы әртекті. Санақ бойынша Қызылорда
облысындағы халықтың 95 пайыздан астам
үлесін қазақтар құраса, келесі облыстарда:
Маңғыстау - 88,2 пайыз, Ақтөбе - 79,4 пайыз,
Оңтүстік Қазақстан - 72,3 пайыз, Батыс Қазақстан
мен Жамбыл - 71,4 пайызды құрады.
Ұлттық халық санағының нәтижелеріне,
Қазақстандағы өзбектердің 87,9 пайызы
Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.
Ал ұйғырлардың 96 пайызға жуығы Алматы
қаласы мен Алматы облысында шоғырланған.
Немістердің 70 пайыздан көбі Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай
мен Қарағанды облыстарында тұратыны
анықталған.
Жинақта
санақ өткен (1959, 1970, 1979, 1989, 1999 және 2009
жж.) жылдар ішінде тұрақты халық
санының өзгеруі туралы деректер
жарияланып отыр. Тұрақты халық саны (санақ
өткізу күніне – 2009 ж. 25 ақпанына) өңірлер
бөлінісінде, қала және ауыл бойынша және
жынысы мен этностар бөлінісінде жарияланған.
Қорытындылар абсолюттік және салыстырмалы
түрде келтірілген. 2009 жылғы тұрақты халық
саны алдыңғы санақ деректерімен салыстырылып
берілген.
Аталған жинақта 1999 және 2009 жылдардағы
жекелеген ұлттар арасында халық санының
өзгерістері туралы деректер жарияланды.
Азаматтық алған елдері бойынша халық
саны келтірілген. Ана тілі туралы және
халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі
туралы деректерде көрсетілген. Сондай-ақ,
халықтың дін ұстануы туралы деректер
жарияланыпты.
Жекелеген этностар ана тілі ретінде өзге
тілдерді атаған, негізінен олар: украиндар,
немістер, беларусьтар, поляктар, кәрістер,
татарлар.
Осыған тұтастай ел бойынша (15 және одан
үлкен жастағы) қазақ тілін меңгерген
халықтың үлесі 74 пайызды құрады, қазақ
тілін меңгергендер үлесінің көбеюі орыстар,
өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар,
немістер және беларусьтар арасында байқалды.
Орыс тілін жоғарыда аталған этностардың
90 пайыздан астамы меңгерген. Ағылшын
тілін меңгеруден қазақтар, орыстар, ұйғырлар
және татарлар арасында бірқатар жоғары
көрсеткіштерге жеткен.
Ауыл халқы арасында ерлер мен әйелдер
арақатынасы қала халқынан едәуір басым
түсті, 1000 әйелге 991 ер адамнан келеді (қала
халқында – 1000 әйелге 880 ер адам).
Халықтың дін ұстануы туралы сұрақ алғашқы
рет 2009ХС санақ парағына енгізілген болатын.
Елдегі халықтың 70 пайыздан астамы ислам,
ал, халықтың 26,2 пайызы христиан діндерін
ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда
ауыл халқында ислам дінін ұстанатындардың
үлесі жоғары, 80 пайызды құраған. Ал, христиан
діні қала халқы арасында көбірек таралған,
ауыл халқының 34,2 пайызы осы дінді ұстайды.
Өңірлер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын
халықтың үлесі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе
облыстарында жоғары, олардың үлес салмағы
80 пайыз бен 96 пайыз аралығында. Солтүстік
Қазақстан және Қостанай облыстары халқының
50 пайыздан астамы және Қарағанды мен
Павлодар облыстары халқының 40 пайыздан
астамы христиан дінін ұстанғандар. Осы
екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша
ерлер мен әйелдердің үлесі тиісінше қала
халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен
бірдей.
Қорытынды
«Халық
санағы – ұлттық маңызы бар іс-шара.
Санақтың жетістікпен өтуі халықтың
санақ мақсаттары мен міндеттерін,
оның маңызын түсінуіне байланысты.
Санақты өткізу еліміздің әр азаматының
қатысуы мен ынтымақтастығын
талап етеді. Санақтың жетістілігі
халық бұл іс-шараның
- 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама
- 2014 года на примере буксир-толкач типа Дунайский проект 49Б рейсом «Череповец – Тольятти - Череповец» Бизнес-план перевозки грузов в навигац
- 21 действенный принцип эффективного труда Как выбрать первоочередную задачу, не медлить и довести ее решение до конца
- 2-3 сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
- 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
- 2.Диагностика возможных финансовых затруднений (диагностика банкротства).
- 2-ух этажный жилой дом с подвалом
- 1С: Предприятие
- 1С:Предприятие 8.0 Управление страховой компанией
- 1С: Предприятие в управлении
- 1С:Управление торговлей 8.2 (пользовательские режимы)
- 1. Теоретические аспекты оплаты труда работников организации
- 1. Теоретические основы развития мелкой моторики и взаимосвязи ее с речью
- 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер