2007-2010 Туризм индустриясын дамыту бағдарламаламасы

 

 

                    2007-2010 «Туризм индустриясын» дамыту бағдарламаламасы

 

      Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда  туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары  атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Мемлекетіміз туризм саласын даму үшін көп мән беріп, бағдарламалар мен кәсіпорындарға көмек береді. Есеп-беру өндірістік тәжірибе болып табылады. Тәжірибе Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде өткен болатын. Мекен-жайы Орынбор 8, 1 – подъезд, 6 қабат.Практика 27 ақпаннан 1 наурыз 2014 жылдың арасында сағат 9.00-18.00 – ге дейін болатын. Практиканың негізгі мақсаттары:  студенттердiң өндiрiстiк практикасы  оқу кезінде  алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту,  практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүргізіледі.  Проблемаларды теориялық аспектілер арқылы қарастыру;  Жалпы қателіктерді қарау мен оларға анализ жасау.        Өндірістік практика міндеті: 
ұйымдастырушы, басқарушы жұмыс тәжiрибесін жинау;  ұйым/кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;  ұйым/кәсіпорынң стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;  ұйым/кәсіпорын материалдық-техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын,еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларды талқылау;  жаңа бағдарламалармен, технологияларымен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;  келісімшарт, шарт, әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;  туристік ұйым/кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндеттерімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу; берілген ұйым/кәсіпорын ұсынып отырған турпакет мазмұны мен саяхаттаушылар динамикасына салыстырмалы талдау жасау; Министрліктер — мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Қазіргі мамандардың біліктілігін, білімін арттыру мақсатында тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан практикадан өту барысында студент туризм саласында  қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ол үшін мамандардың біліктілігін, білімін арттыруда практиканың маңызы зор. Сондықтан өндірістік практикадан өту барысында студент туризм саласындағы қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Практика арқылы көп жағымды әсерлерді алдық. Ең бірінші ол біз үшін болашақта маңызы зор. 2.1.ҚР  Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігінің  және Туризм индустриясы комитетінің құрылымы , нормативтік-құқықтық базасы Министр Исекешев А.О. Құрылымы   Секретариат Ішкі аудит басқармасы Жауапты хатшы Атамкулов Б.Б. Вице-министр Джаксалиев Б.М.. Вице-

 

 

 

 

 

министр Сауранбаев Н.Г. Бірінші вице-министр Рау А.П. Жергілікті құрам даму департаменті Электрқуаты мен көмір өнеркәсіп департаменті Мемлекеттік құпия қорғау мен мобильдік дайындық департамент Әкімшілік - кадрлық жұмыс департаменті Жаңа технология мен энергоқуат департамент Жер қойнау пайдалану департаменті Сыртқы экономикалық байланыс департаменті Стратегиялық жобалау департаменті Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi Стратегиялық жобалау департаменті Активтерді басқару департаменті Жаңа технология мен энергоқуат департамент Қаржы департаменті Атом қуаты бойынша комитеті Туризм индустриясы комитетi Инвестиция комитетi Заң департаменті Өнеркәсiп комитетi Мемлекеттік сатып алу Техникалық реттеу және метрология комитетi Ақпараттық басқармасы Мемлекеттік қызмет даму басқармасы Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитетi, Өнеркәсiп комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi, Туризм индустриясы комитетi, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустрия комитеті кіреді. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асырылатын ведомоство болып табылады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитетінің құрылымы, штат санын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Министрліктің бірінші басшысымен келіскеннен кейін Министрліктің штат саны шегінде бекітеді. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Комитетте 29 адам қызмет етеді (Қосымша). Министрлік құзыреті шеңберінде  Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:  Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;  Туристік салаға инвестициялар тарту жөңіндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;  Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:  Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты һ, туристік индустрияны және туризмді дамытудың стратегиясын, мемлекеттік,  салалық (секторлалдық) бағдарламаларын іске асырады;  Туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық, және басқа ұйымдастырумен және туристік қызмет саласындағы меншік нысанына тәуелсіз туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;  Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарлату ережелерін әзірлейді;  Туристік қызмет саласындағы стандарттау аясы қызметін реттейді;  Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде таратады, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық

 

 

 

 

 

және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен,  Әлемдік жетекші бұқаралық құралдарының өкілдеріне және туроператорларға арналған конференцияларды, семинарларды, ақпараттық жарнамалық турларды, туризм саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастырады және олардың жүмысына қатысады;  Отандық туристік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;  Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;  Туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы басылымдық, жарнамалық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;  Туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтар беруге ұсынады;  Туризм жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын әзірлейді және бекітуге ұсынады;  Өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге, жасасуға және орындауға қатысады, сондай–ақ  халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;  Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін әзірлейді;  Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;  Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады;  Туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытындылайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитет өз функцияларын іске асыру үшін мыналады жасауға құқылы:  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомостволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;  Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;  Қомитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер қйымдасьыруға және өткізуге;  Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;  Міндеттері жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Комитеттің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады. Комитет төрағасы:  Басшылық жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;  Өз орынбасарларының және Комитет құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;  Өз орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;  Заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелей мәселесін шешеді, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылады;  Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитет білдіреді;  Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;  Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;  Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;  Министрмен келісім бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; Комитет төрағасының Министрліктің жауапты хатшысының келісімі бойынша Министрдің бұйрығымен лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын екі орынбасары болады. Комитет төрағасының

 

 

 

 

 

орынбасарлары:  Өз өкілеттері шегінде Комитет жұмысын үйлестіреді;  Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;  Комитет төрағасы жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Комитеттің мүлкі Комитет жедел басқару құқығындағы ерекшеленген мүлікке ие. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптастырады және негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде (балансында) көрсетілген өзге де мүліктен тұрады. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.Мүлікті өздігінен иелігінен айыруға немесе басқа да тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ұйымдық құрылымы (Кесте -Б). Кесте - Б Төраға Аумақтық департамент туризм индустрия Комитеті ҚР МИЖТ әкімшілік арнайы экономикалық зона  «Бурабай» Инвестициялық саясат және туристік ресурстар басқармасы Аймақтық даму және туризм инфрақұрылым басқармасы Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасы Стратегия және туристік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Имиджді қалыптастыру және халықаралық байланыстар басқармасы Әкімшілік ету және қаржыландыру басқармасы Төраға орынбасары Төраға орынбасары Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады. Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту мақсатында қабылданған келесі заңдық-құқықтық құжат бұл Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №12-13 қаулысымен бекітілген “Туристік қызметті лицензиялау ережесі”. Осы ереже Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы “Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 масымдағы Заңына,”Лицензиялау туралы”  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңына, өзге де нормативтік-құқықтық келісімдерге сәйкес әзерленген және уәкілетті органның-лицензиярдың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсияларда, қызметтерді және туризм нұсқаушысы мен қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді. Қазақстан Республикасының заңнмасымен және осы Ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі. Берілген лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Ережеде лицензия берудің тәртібі мен шарттары; бірліктік талаптары; лицензия тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру, есепке алу және ақылау туралы көсетілген.   Мемлекеттік қызметтерді стандарттау мақсатында . Қазақстан Республикасының Үкіметімен №1099 29 тамыздан 2012 ж «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау» бекітілді. Сондықтан туроператорлық әрекеттері ХҚО мен «Е-лицензиялау» арқылы жасалынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Басшысының тапсырмасымен «Қазақстан Республикасыныңрұқсат берілген системадағы кейбір өзгерістер мен толықтырулар туралы актілер» 30 қаңтардан 2012 ж турагенттік қызметтер лицензия беру қызмет

 

 

 

 

түрлерден босатылады. Оның басты мақсаты туристік саладағы бизнесті оңтайландыру мен жақсы жұмыс жасауында. «Туризм саласындағы кейбір актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнамасына сәйкес 2013 жылғы Жобаларға бағытталған. Туристерге және басқа да азаматтарға жауапты болуына орай көптеген актілерді қосылды. Қазақстан Республикасыныңтуристік іс-әрекеттер туралы заңнамалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстан құралады. Егер халықаралық шарттарда басқа ережелер болса (біздің заңнамаларда көрсетілмеген), онда халықаралық шарт қолданылады.  Алайда, ол барлық ережелерге сәйкес болуы керек. Туристік бизнестің спецификасы әртүрлі турөнімнің сервистен құралады: транспорт, тамақтану, орналастыру, консулдық қызмет және т.б. Осыдан көптеген туристік іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық пен нормативтік құжаттар бар. Мысалы, әкімшілік заңнамалар шығу визалар, валюьа заңнамалары – есеп беру формасы, кедендік – шекара рұқсаттар арқылы реттеледі. Сонымен қатар туристік қызметтер туралы ҚР Мемлекетстандарттары нормативтік актілер, тұтынушы сферадағы туристік қызметке қолданылатын заңнама туралы антимонополдық органдардың актілері бар. ҚР туристік қызметтер туралы құқықтық негіздері келесі нормативтің-құқықтық актілерде көрсетілген:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж бекітілген;  13 маусымнан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»  2007-2011 ж туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы;  Қазақстан Республикасындағы туризм дамыту концепциясы;  «Меншік кәсіпорын» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (12 қаңтардан 2007 ж);  «Стандарттизациялау туралы», «тауар мен қызмет сертификациялау туралы» Заңдары;  «Туроператорлар,турагенттер қызметтерге, туризм қызмет нұсқаушысына квалификация мен лицензия туралы Ережелер» 11 маусымнан 2007 ж Қазақстан Республикасының Үкімітімен бекітілді;  2010-2014 жылғы Қазақстан Республикасының туртстік индустриясының перспективті бағыттағы даму бағдарламасы  «ҚР-на қонақ үй қызметін қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметімен қаралды;  «Туристік қызмет пен қонақ үй қызметтерді сертификация ережелерінің сертификация системасы»  ҚР Мемлекеттік стандарты және т.б. Халықаралық туристік ұйымдардың заңнамалары:  Туризм Хартиясы. 1985 ж Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблея VI сессияда қабылданған болатын.  Туризм бойынша парламентаралық конференциясының Гаага декларациясы, 10-14 сәуір 1989 ж, Гаага.  Кедендік шығу мен келу рұқсат қағазнамалары нұсқау тәртібі. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігі қабылданған, 4 сәуір 1994 ж, №92.  «Тұрғындардың санитарлық – эпидемия игілігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.  «Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңнамасы.  Ташкенттік декларациясы. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігімен бекітілді. 31 қаңтар 1994 ж. №286  «Қазақстан Республикасындығы Ұлы Жібек жолындағы туризм инфраструктурасын дамыту,ДТҰ мен ЮНЕСКО жобалар,Ташкент декларациясы»  Қазақстан Республикасындағы виза беру нұсқасы. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігімен бекітілді. Осыған орай нормативтік-құқықтық база кез-клген салаға тән. Әсіресе экономикалық жағдайларда. Алайда, заңнамалардығ басты мақсаты кәсңпорындарға қолдау көрсетіп, олардың жауапкершіліктерін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан

 

 

 

 

Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған. Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2012 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2011 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады. Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2011 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2012 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2011 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).       Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.       Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.       Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.       2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.       Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi .       Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.       2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.  Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған. Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда

 

 

 

 

iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады. Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).       Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.       Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.       2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 201Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.       2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты. Бүгінгі таңда көптеген жобалар, бағдармалар бар. Олар Туризм Индустрия Комитетінен тексеруінен міндетті түрде өтеді. Көптеген бағдарламалар бар:     «Батыс Еуропа Батыс Қытай" Бағдарламасы. Осы проектың орындау мақсатында ҚР туризм индустрия Комитеті 2010-2014 ж. Туристік кластердің болуы үшін жобаларды жасап, оларды іске асырады.Кластерлердің құрылуы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарда жүргізіледі.Төрт категория бойынша инфраструктурасын жасайды: А. Туристік орталық (мотель, ақпарат орталығымен туристік қызмет көрсету бюросы, маршруттар, ойын-сауық орындар, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.). В. Демалыс орталығы (туристік ақпараттық пункті, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.). С. Қызмет көрсету орталығы (дүкенлер, дәретханалар, жөндеу бөлімдері және т.б.)  Ақтөбе облысында демалыс базалары "Greenland", "Караван-сарай Иргыз" (2010 - 2015 годы);  Қызылорда облысында туристік орталық Қамбаш көлінде “Байқоңыр”, көңіл көтеру – сауда орталығы “Гарыштық гавань”, киіз үйлік қонақ үй мен туристік орталық “Қорқыт – Ата” (2011 - 2020 годы);  Оңтүстік Қазақстан облысында туристік орталық “Ежелгі Түркістан”, “Ежелгі Отырар” (2011 - 2017 годы). 2015 жылға қарай 24 жолдық инфраструктура салынады. Алайда толық бағдарламаны іске асыру үшін 58 объект «В» категория бойынша болуы керек. Олардың аралығы 90-120 км болады. «С» категория объектілері 50 км қашықтықта орналасады.  Қазақстан Республикасының 11 баптағы Заңына сәйкес «Ойын сауық бизнесі туралы» бойынша елімізде екі аумағында ғана Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасында рұқсат етілген. Осыған орай Министрлікте «Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасы Халықаралық туристік орталық «Жаңа Іле» құрылысы» жобасы орындалу үстінде. Осы туристік орталықтың салынуына орай Алматы облысында 11 000 га жер алынған. Қазіргі уақытта Бас жоба жасалынған, оы жоба бойынша орталық екі кезеңнен тұрады: ол 2012 жылға дейіг құрылатын объектілер(3500 га) мен 2020

 

 

 

 

 

жылға дейінгі салынатын объектілер.  Құрылыстағы инвестиция тарту мен жаңа заманға сай инфрақұрылымды жасау мақсатында Щучинск-Бурабай курорттық аумағы 15 ақпаннан 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Президент Бұйрығымен жасалынды. №512 арнайы «Бурабай» экономикалық зонасы 370 га құрылды. Ол «Бурабай» Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтың Щучья көлдің оңтүстігінде орналасқан. Жобаны жасаушы ЖШС «Бурабай Туризм Сити» болып табылады. 12 жылға жасалуы 2019 жылға дейін жоспарлануда және ол бес кезеңге бөлінген. Сонымен қатар бұл жоба қоғамдық болып табылады. Сондықтан жаңа жүмыстық орындар қамтамасыз етеді. Қазіргі күнде 1 деңгейі жасалынады. Онда 402 орындық қонақ үй, Спа орталығы болады, 3 га жерде салынады. 2.2.ҚР  туризмнің қазіргі кездегі жағдайы және болашаққа бағытталған жоспарлар Көрмелер Қазақстан тарихи бай ел. Осыған орай еліміз көптеген халықаралық көрмелерге қатысады. Берлинде 6-10 наурызда 2013 жылда өткен көрменің табыстылығы  мол. Әлемнің әр қиырынан 180 аса мемлекеттен туризм саласында компаниялар қатысты. Біздің елден өңір-өңірден іріктеліп алынған 5 туристік компания қатысқан болатын. Көрме аясында түрлі екі жақты кездесулер өтіп, келіссөздер жасалып, болашақ үшін келісімшарттарға қол қойылды. Көрме шеңберінде өткен жиынның бірі ұлы жібек жолын дамытып, құндылықтарды ұрпаққа қалдырудың амалдарын ойластыру тақырыбын өзекті еткен туризм министрліктерінің кеңесі. Онда, қатысқан біздің елдің орны ерек. Отырыс барысында Қазақстан биыл мәртебесі жоғары конференцияны Алматыда өткізу құқығына ие болды. ITB Берлин көрмесі түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысатын орны. Жыл сайын дүбірлі жиынға ондаған мың адам қатысады, келіп көреді, олар өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа туристік бағыттарға жол табуға ұмтылады. Көрме барысында 200 аса келісімшарттарға қол қойылды. Сарапшылар мен көрермен, стендтің әрленуіне, креативтілігі, бұрышта қойылған құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрмен, мәдениеттің таныстырылуына баға берді. Стендт үздік бестіктен орын алды. Біздің ел әдеттегідей алдыңғы орыннан көрінді. «Үздік бейнеролик номинациясы» әсем Астана жайында  жасалған роликке бұйырды. Оның үстіне, ұлттық тағамдарға деген қызығушылықты ерекше танытқаны тағы бар.    ЭКСПО Экспо 2017 -10 шілдеде 2017 жылдан  бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.   Иесі 22 қараша 2012 жылдың Францияның астанасы Парижқаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш

 

 

 

 

ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. Сапа бұл - ең басты талап. Көрмеге қатысатын елдер саны неғұрлым көп болса, бұл Қазақстаннаың халықаралық қатынастарына соғұрлым мол үлес қосатын болады. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында этно-ауылдар құру жобалары дайындалуда. Бұл көрме келген туристерді халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік береді. Оның сөзіне қарағанда, өңірде туристік қызметтің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 2 млрд теңгеден асты.       EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.          Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде. Осы ретте сәл шегініс жасасақ... Естеріңізде болса, V Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл көпір» және EXPO-2017 тақырыбы «Болашақ энергиясы» сияқты Қазақстанның Жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды. Басқосуды қорытындылай келе мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты. Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады.  Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай

 

 

 

 

баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.  2012 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде төраға Стин Кристенсеннің басшылығымен Көрмелердің халықаралық бюросы Сарапшылық комиссиясының елімізге жұмыс сапарымен келуін атауға болады. Стин Кристенсен мен КХБ бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес екі рет БАҚ өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында олар Қазақстандағы жұмыс кездесулері туралы алған әсерімен, тың ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, Стин Кристенсен Астана ұйымдастыру комитеті құжаттар жинағын дайындау бойынша тамаша жұмыстар атқарғанын мәлімдеді. Әлемдегі белді ұйымдар Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер қолдауда. EXPO-2017 ұлттық жобасына Мемлекет басшысының өзі қолдау көрсетуі оны сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Президент бүгінде энергетикаға ауқымды инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті. Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі.  Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық.  «Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады. «Болашақ энергиясы» сондай-ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды. «Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері —қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. айқындайтын фактор ретінде қарасты. «Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды - қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету. Қазақстандағы Халықаралық туризмнің рөлі Туризм әлемдік экономиканың қарқынды

2007-2010 Туризм индустриясын дамыту бағдарламаламасы